ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласына Таиландтан ұшып келген әйел жедел респираторлық вирустық инфекция белгілерімен ауруханаға жатқызылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, пациент ЖРВИ белгілерімен амбулаториялық орталықтың терапевтіне жүгінген. Анықталғандай, ол осыған дейін Таиландта демалыста болған.
«Тексеруден өткізілген әйелден коранавирус табылмады. Медициналық мекеме қызметкерлері бекітілген алгоритм мен коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы жарлыққа сәйкес әрекет етті. Енді пациент 14 күн бойы үйде карантинде болады», - делінген мәліметте.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.