Bangkok Post хабарлағандай, олар жасап шыққан емдеу курсы іс жүзінде қолдануға әлі жарамсыз, алайда бір жылдың ішінде оны науқастарды сауықтыруға қолдануға болатынын айтты.
Еске сала кетейік, Батыс Африка елдерінде ДДСҰ ақпаратынша, Эбола салдарынан 3338 адам ажал құшты. Дертке шалдыққандардың саны 7178 адамды құрайды. Олардың 377 медицина қызметкері. Соның 216-ы көз жұмды. Вирусты жұқтыру фактілері Сьерра-Леоне, Гвинея, Либерия, Нигерия, Сенегал және Конго Демократиялық Республикасында тіркелді.