Таиланд Бас прокуроры өткен жылдың мамыр айында Т. Чинаваттың телекоммуникация компаниясындағы сыбайлас жемқорлық жөніндегі, 2008 жылғы шілдеде қозғалған іс бойынша сот талқылауын жалғастыруды ұсынған. 6 наурызда тоғыз адамнан құралған сот алқасы осы істің тыңдалымын бастады.
Прокуратура Т. Чинават мемлекеттік лауазымда болған кезде телекоммуникация компаниясының коммерциялық қызметіне араласты, салық заңдылығын өзгерту және министрлер кабинетінің қаулыларын шығару жолымен компания төлеуі тиіс салықтардан босатты деп санайды. Соның салдарынан мемлекетке 66 млрд бат (2,1 млрд АҚШ доллары) мөлшерінде залал келтірілген.
Т. Чинават Таиланд премьер-министрі лауазымын 2001-2006 жылдары атқарған. 2006 жылғы қыркүйекте билік басынан кеткен соң шетелге барып паналаған болатын.
Фото ussiancouncil.ru