Барлығы төрт рет жарылыс болды. Шабуыл нысанасына дүкендер, адамдар көп жүретін көше қиылыстары ілікті. Полицияның пайымдауынша, шабуылдарға корольдіктің оңтүстігін бөліп алғысы келіп жүрген сепаратистер жауапты.
Соңғы онжылдықта Паттани, Наратхиват және Яла провинцияларын Таиландтан бөліп алуға тырысқан сепаратистердің әрекеттері салдарынан корольдіктің мұсылмандар басым тұратын оңтүстігінде 6 мыңға жуық адам қазаға ұшырады.