Таиландтың Паттайя қаласында ірі өрт шықты
17:25, 22 Қазан 2013
АСТАНА, 22 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Таиландтың танымал курорттық қаласы - Паттайяның орталығында ірі өрт шықты. Өрт кем дегенде 20 тұрғын үй ғимаратын шарпыды.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Құрбандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер әзірге түскен жоқ. Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, түстен кейін құрылыс материалдары дүкені орналасқан төрт қабатты ғимарат өртенген. Ол туристерге танымал Walking Street серуен көшесінің жанында орналасқан. Өрт дереу басқа ғимараттарға ұласқан. Куәгерлер жарылысқа ұқсас дыбыс естігендерін айтуда.
Таиландтық БАҚ хабарлағандай, өрт сөндіру қызметтері жалынды ауыздықтауға тырысуда.