Жолаушылар такси жүргізушісіне шағымданған кезде көліктің артқы есігінің іш жағында жазылған борт нөмірін жіберуі қажет.
«Екі апта ішінде біз оны іске қосатын боламыз. Нөмірді қазір де айта аламын. Ол 8 700 555 7607 нөмірі қазір жұмыс істеп тұр. Бұл ортақ нөмір арқылы такси қызметі көңілінен шықпаған жолаушы шағым жасай алады»,- деді ол.
Сонымен қатар ол егер сапар барысында такси жүргізушісі таксометрді қоспаса, онда жолаушы діттеген жеріне тегін бара алатындығын айтты.
«Жолаушылар call-центр орталыққа хабарласқан бірнеше дерек тіркелді. Ол кезде аталған жолаушыларға сапар тегін болды», - деді Құрманов.