Оқиға 10 шілдеде таңертең ертемен Шаньдун провинциясындағы Линъи қаласында болған. Апат салдарынан бір адам ажал құшып, екеуі жараланған. Такси рулінде әйел болған. Ол ұсталды.
Қытайда көптеген адамдар келеңсіз жағдайға тек такси жүргізушісі ғана емес, жүгіруді ұйымдастырушылар да кінәлі деп есептейді. Олардың пікірінше, ешқандай ескертусіз трассада осындай шараны өткізгендер жазалануы тиіс.