Оның сөзіне қарағанда, ресми тасымалдаушылар мен заңсыз нарық арасындағы айырмашылық өте жоғары. Мәселен, ресми тасымалдау 16 пайыз болса, қалғаны, шамамен 84 пайызын көлеңкелі сектордың еншісіне тиіп отыр.
«Бұл саладағы ахуал осылай болып тұр. Себебі, таксомотор нарығын мемлекет тарабынан реттеу жоқ. Барлық дамыған елдерде таксомотор қызметінің қалыптасуын, дамуын мемлекеттік қолдау арқылы сүйемелдеп отырады», - деді қауымдастық төрағасы.
М.Құрмановтың айтуынша, бүгінде елорда халқының 3-4 пайызы такси қызметіне жүгінеді.
«Қалада тәулігіне шамамен 20 мың тапсырыс орындалады. Бір сапардың орташа құны мың теңгені құрайды. Осылайша, бұл нарықтың 1 айдағы көлемі шамамен 600 млн. теңгеге жеткен. Демек, жергілікті бюджет таксомотор қызметінен салықтар мен төлемдер түріндегі өте үлкен мөлшердегі қаржыдан қағылып отыр», - дейді ол.
Сонымен қатар ол, ресми тасымалдаушылардың заңнама талаптарын орындай отырып, зор шығынға батып жатқандығын және заңсыз жолаушылар тасымалдаушылармен бәсекелес бола алмайды.
«Бүгінгі экономика бір көліктің өтелімділігі 5-6 жылды құрайтындығын көрсетіп отыр. сондықтан да барлық компаниялар бірдей төтеп бере алмайды», - деді ол.