«Тақталастың» авторы Джордж Мартин ChatGPT жасағандарды сотқа берді

Америкалық жазушылар Джордж Мартин мен Джон Гришэм ChatGPT чат-ботына иелік ететін OpenAI компаниясына қарсы сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап. 

Фото: Pixabay

Олар жасанды интеллекті әзірлеу және сынау кезінде авторлық құқығы бұзылды деп есептейді.

Мартин — HBO тарихындағы ең танымал сериалдардың бірі «Тақтар ойыны» түсірілген «Мұз бен оттың әні» фантастикалық романының авторы.

Гришэм Голливуд түсірген «Фирма», «Бірқазандар туралы іс», «Клиент» және басқа да көптеген бестселлер романдардың авторы.

Сотта айтылғандай, ChatGPT алгоритмін жасау кезінде әзірлеушілер интернетте қолжетімді материалдардың үлкен көлемін, соның ішінде авторлық құқықпен қорғалған кітап мәтіндерін пайдаланған. 

Олар OpenAI-ді «[мазмұнды] жүйелі және көлемді түрде ұрлады» деп айыптайды.

Сотқа түскен шағымда жазушылар Джонатан Франзен, Джоди Пиколт және Джордж Сондерстің есімі аталған.

OpenAI авторлар құқығын құрметтейтінін және ЖИ технологиясы сонымен бірге жазушыларға да пайдалы болуы мүмкін деп санайтынын мәлімдеді.

Іс Манхэттен федералды сотына жолданды. Сотта жазушылардың мүддесін АҚШ Авторлар Гильдиясы қорғайды.

Бұл — алғашқы іс емес. Шілде айында актриса Сара Сильверман да сотқа осындай шағым түсірген.