Бұл туралы Reuters Тунистің Бірінші ұлттық телеарнасында көрсетілген бағдарламаға сілтеме жасай отырып хабарлады.
Атап айтқанда, президент билікте болғанда кітапханада құпия бөлмелерде жасырын қоймалар жабдықтаған. Сарайда табылған құнды заттардың жалпы құны нақтыланбаған. Алайда, жасырын қоймалардан «миллиондаған доллар мен еуро» табылды делінеді.
Табылған құнды заттар халықтың мұқтаждығына берілуі мүмкін. Бұдан бұрын, Уақытша үкімет Бен Алиге тиесілі қаражаттарды кедейшілікке қарсы күреске жұмсауға бел буған, алайда, Швейцария, Канада және Еуропалық Достастық елдері бұрынғы президенттің банк шоттарын жауып тастаған болатын.