Тақтан тайған Мысыр президенті Мұхаммед Мурсиді тұтқындау мерзімі ұзартылды

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Мысыр билігі тақтан тайған ел президенті Мұхаммед Мурсидің тұтқында болу мерзімін 30 тәулікке ұзартты. Бұл туралы Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Сонымен қатар Бостандық және әділдік партиясының төрағасы Саад әл-Кататнидің де тұтқында болу мерзімі 15 тәулікке ұзартылып отыр. Таратылған ақпаратқа қарағанда, олардың тұтқында болу мерзімі елдің Бас прокуратурасы жүргізіп отырған тергеу амалдарына байланысты орын алған.