«Тальгодағы» зорлық: ҚТЖ мәжілісмен Нұрлан Әлтаевтың мәлімдемесіне жауап берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевтың мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Депутаттардың ұсынысына қатысты пікір білдіру құқығы бізде жоқ. Егерсот қаулысы болса, әлбетте, компания арызға сәйкес талапты орындайды. Біздіңбасшылық бұған қатысты бұрын да тиісті жауабын берген болатын», - депхабарлайды ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, бұдан бұрын Парламент Мәжілісінің депутаты НұржанӘлтаев «Тальго» пойызындағы зорлыққа қатысты «Қазақстан темір жолы» компаниясынжауапқа тартуға шақыратынын уәде еткен болатын.

«Мен зардап шеккен бойжеткенмен байланысқа шықтым. Сондай-ақ,«Қазақстан темір жолы» компаниясына қатысты азаматтық арыз беруде заңгерліккөмек беруді ұсындым. Егер бойжеткен келіссе, біз оған үздік адвокаттардыжалдаймыз. «Қазақстан темір жолы» бұл қылмыстың зардап шегушісінің алдындаүлкен, әсіресе қаржылық жауапкершілікке ие. Сондықтан, барлық, тіпті моральдықшығынды да өтерліктей етеміз», - деген еді Нұржан Әлтаев елордада өткендөңгелек үстелде.

Еске салсақ, ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан бойжеткенді«Тальго» пойызында зорлады деген күдік бойынша екі жолсерікке қатысты қылмыстықіс сотқа түскен.

Кейін бұл оқиға бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ түсінік берді.

26 шілде күні Қостанайда «Тұлпар-Тальго» пойызында ақтөбелікбойжеткенді зорлаған екі жолсерікке үкім оқылды.


Соңғы жаңалықтар