«Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры Ернұр Бурахан талай айтыстарда топ жарған талантты ақынға радио ұжымы атынан «Алтын домбыра» тарту етті.
Кеште «МузАрт», «Каспий», «Жігіттер», «Заман» тобы, Жанболат пен Жазира, Нұрлан мен Мұрат, «Шамшырақ» дуэті, Төреғали Төреәлі, Ғазизхан Шекербеков, Дана Кентай, Мұрат Тоқашбаев, Лашын Мұратқызы, Асқар Жүнісбеков, Дәурен Сейтжанов, Асхат Үрпеков және белгілі айтыскер ақындар Балғынбек Имашев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы өнер көрсетті.