«Талантты мұғалім ? дарынды балаларға» республикалық педагогикалық олимпиадасы басталды
15:32, 15 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат – Бүгін Бурабай демалыс аймағындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Талантты мұғалім – дарынды балаларға» республикалық педагогикалық олимпиадасы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығына сілтеме жасап.Олимпиада салтанатын ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім департаментінің директоры Майра Санатова және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тілдаш Битуова ашты. Педагогикалық олимпиада - мұғалімдерді білім берудің барлық деңгейіндегі дарынды балалармен жұмысқа даярлау түрлерінің бірі. Оған 10-11-інші сынып оқушылары, студенттер, магистранттар және жас педагогтер ? барлығы 180 адам қатысуда. Оның жеңімпаздары І, ІІ. ІІІ дәрежелі дипломдармен және ескерткіш сыйлықтармен марапатталады.Олимпиада ауқымында мамырдың 16-сында педагогикалық жаңа идеяларға арналған көрме өтеді. Оған дарынды балаларға білім беретін 107 мамандандырылған білім ұйымдары өз жұмыстарын қояды. Олимпиада төртінші рет қатарынан өткізіліп отыр. Алғаш рет ол 2006 жылғы мамырдың 3-інде Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткен болатын.