«Өткен аптада ғана Қазэнерджи аясында Исландияның бұрынғы Президентімен кездескен едім. Еуропа чемпионатынан кейін шағын ғана Исландия мемлекетінің спорттық жетістіктері жиі айтылуда. Мен одан мұндай жетістікке қалай жеткендіктері жайында қызығушылық танытқан едім. Ол әрбір кішкентай елді мекенді спорт залы бар екендігін айтты. Яғни, таланттар тек қана үлкен қалада емес барлық жерде де бар. Өзіміз де көріп отырмыз. Күрес болсын, бокс болсын ауылдың қаракөз балалары қалаға келіп, жарыстарға қатысып, әлем, Олимпиада чемпиондары болып жатыр. Солардың көзін тауып әкелетін ол - бапкерлер», - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар ол талантты бапкерлер болуы үшін олардың жалақысы жоғары болуы керектігін атап өтті.
«Оларда ынта болуы қажет. Яғни, балаларымызды кішкентай кезінен спортқа баулу үшін кешенді әдістер керек. Ал ол үшін спорт мектептер, құрал-жабдықтар, залдар керек екендігі сөзсіз. Сонда біз зор спорттық жетістіктерге жетеміз. Таяуда біз мүлдем басқа деңгейдегі бапкерлерді дайындау мәселесін қарастырған едік. Олар - спорттық медицина, спорттық психология. Мұның бәрін кешенді қарастырған жөн. Сондықтан біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырымыз керек. әкімдерден бұл мәселені бақылауды ұстауды өтінемін. Жалпы, бұл ретте шешілмейтін мәселе жоқ. Осы іспен айналысу қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев.