Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.
«Әрі қарай талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатын болады. Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түсті», - деп жазды министр өзінің Telegram парақшасында.
Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында 3 тамыз күні сағат 11.00-де жарияланады. Сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы мен студенттерге арналған ақпараттық анықтамалық портал mapp.kz сайтында орналастырылады.
Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі мына дереккөздерде жарияланады.