деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Академияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба болашақ талапкерлер үшін арнайы жасалған. Талапкерлер енді жоба аясында жасалған www.entquick.net сайтына кіріп, керек пәндер бойынша тест тапсырып, өз білімін тексере алады. Сайтта сонымен қатар арнайы психологиялық кеңестер бөлімі де бар. Сайтты жасаушылардың айтуынша, сайтты пайдаланушылар саны күннен күнге артып келеді. Іске қосылғанына 1ай болмаған жаңа сайтқа қазірдің өзінде 2 262 адам тіркеліп, форумда 276 тақырып қозғалған. Оларда 3255 хабарлама жазылған.