Талапкерлерді кешенді тестілеуден өткізу және білім гранттарын тағайындау бойынша нұсқаулықтар бекітілді

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен талапкерлерге кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу, білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру нұсқаулықтары бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы

2011 жылғы 11 шілде №303 Астана қаласы 

Талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің және білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстары ұйымдастыру нұсқаулықтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2011 жылғы 11 шілдедегі №303 бұйрығы

Талапкерлерді кешенді тестілеуді өткізу және білім беру гранттарын тағайындау конкурсына олардың өтініштерін қабылдауды жүзеге асыру технологиясын сақтау мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған:

1) талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық 1-қосымшаға сәйкес;

2) білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстары ұйымдастыру туралы нұсқаулық 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Өмірбаев С.М.):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К. Орынхановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                                                                         Министрдің

                                                                                                                         міндетін атқарушы М.ОРЫНХАНОВ.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 19 шілдеде Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7079 болып енгізілді.