Болашақ жарына сырға салғаннан кейін Санжар онымен бірге түскен суретін жариялаған. Шоу-бизнес саласында жүрген продюсер Жан Мұқанов өзінің Instagram-дағы парақшасында актердің қалыңдығының есімі Мөлдір екенін жазды. «Жаңа жоба! Мегадарынды Санжар Мәдиев пен өте сұлу Мөлдірдің үйлену тойы», - деп хабарлады Жан. Санжар Мәдиев қазақстандықтарға «Алқызыл қоян туралы аңыз», «Аңыздар кітабы: жұмбақ орман», «Елес қуған сайыпқыран», «Шыршалар 2» фильмдері бойынша танымал болған. Санжар биылғы жылдың желтоқсанында шығатын «Марко Поло» фильмі мен 2015 жылы прокатқа шығатын «Кенесары» тарихи картинасына түскен.
12:06, 03 Қараша 2014
Талай қыздың арманы болған актер отбасын құрғалы жатыр (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның танымал актері Санжар Мәдиевтің жақын арада отбасын құратыны белгілі болды. Бұл туралы актер өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында хабарлады.