Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Еуразиялық медиафорумда ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев мәлім етті.
«Бүгінде БАҚ аздап реттелмеген құқықтық алаңда жұмыс істеуде. Халықаралық қауымдастық лаңкестік пен діни экстремизмге әлі күнге дейін ортақ анықтама бере алмай келеді. Осыдан барып бұл мәселеге байланысты көптеген сауалдар шығады, мәселен, біз көп жылдардан бері лаңкестік ұйымдардың бірыңғай тізімін жасай алмай келеміз», - деп атап өтті ол. - Сондықтан журналистер лаңкестік ұйымдар мен актілер туралы жазарда көптеген қиындықтарға тап болып жатады, себебі олар қай елде кімді лаңкестік ұйым, кімді діни экстремист деп атайтындығын білмейді. Біз мұнда психологиялық аспектінің жетіспеушілігін байқаймыз, БАҚ тарапынан талдаудың аздығын көреміз».
Н.Ермекбаев осыған байланысты бір зерттеудің нәтижелерін жария етті. Онда лаңкестердің басты мақсаты өзін-өзі жария ету, мемлекеттік биліктің және халықтың арасында үрей туғызу екені анықталған.
«Телеарналардан теракт жасаған адам туралы, оның өмірі мен осы әрекетке қалай барғандығын жарыса көрсеткен кезде, бұл тек лаңкестердің пайдасына жұмыс істейді және жастардың осы әрекетке көптеп баруына итермелейді. Сонымен қатар кейбір репортаждарда біз құқық қорғау органдарының жұмыс әдістемелері мен тәсілдері туралы егжей-тегжейлі көрсетіледі. Бір жағынан біз лаңкестерге оқу құралын беріп жатсақ, екінші жағынан - өз тактикаларымызды ашып көрсетеміз. Осының барлығы лаңкестікпен күрес ісіне кері әсерін береді», - деп атап өтті Н.Ермекбаев.
Оның ойынша, БАҚ-тың барлық әлеуетін лаңкестердің психологиясын көрсетуге қолдану керек.
«Егер лаңкестік бандылардың ішінде не болып жатқандығын егжей-тегжейлі көрсететін болсақ, жастар арасында иллюзиялар аз болар еді», - деді ол.