Талдыкөлдің аумағындағы өрт толықтай өшірілді

Фото: ҚР ТЖД

АСТАНА. KAZINFORM –  Талдыкөл көлінің аумағында өртенген құрғақ шөп пен қамыс толықтай өшірілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт толығымен нақтыланған ақпарат бойынша 1500 ш.м. алаңда жойылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі әлі де анықталып жатыр. Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 33 адам мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Қазір қарауылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.