Экологтердің бастамасымен «Тасбақа» тас пен жартастағы петроглифтерді сақтау үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Петроглифтер тұрған жерлерде диорит өндіруге тыйым салынған.
Сондай-ақ, тарихи орында «Қызылтас – тасбақа» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Шараға шенеуніктер, қоғам белсенділері, эко-еріктілер қатысты.
«Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың туған өлкенің табиғаты мен тарихына деген сүйіспеншілігін, жер алдындағы жауапкершілігін және адамдардың экологиялық сауаттылығын арттырады», - дейді «Қазақстан студенттер Альянсы» Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы, эковолонтер Ескендір Амандос.
Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғандағы саябақтан жеке тұлғаларға заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылғанын жазғанбыз.