Талдықорған маңында жер сілкінді
17:51, 04 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 4 қазанда Астана уақытымен 17 сағат 42 мин жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 209 км жерде орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер Жетісу облысы, Текелі қаласы - 2 балл.
Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ аауылы - 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.