Талдықорған маңындағы жер сілкінісі: ТЖМ дүмпудің сезілуі туралы мәлімет жариялады
16:47, 23 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ Сейсмологиялык зерттеу институты Талдықорған маңында болған жер сілкінісіне байланысты мәліметтерді жария етті.
ТЖМ Сейсмологиялык зерттеу институтының ақпараты бойынша сезілетіндігі туралы мәліметтер:
Талдықорған қаласы - 4.0 б.
Балпық-Би ауылы - 4.0 б.
Қарабұлақ кенті - 3.0 б.
Үштөбе қаласы - 3.0 б.
Текели қаласы - 2.0 б.
Сарыөзек а. - 2.0 б.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер анықталып жатыр.
Айта кетелік бүгін Астана уақыты бойынша сағат 16:01 минутта Талдықорған маңында жер сілкінген еді.