Талдықорған-Өскемен транзиттік дәлізінің бірінші учаскесінде жаңа төрт жолақты жол ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – «Талдықорған-Өскемен» халықаралық транзиттік дәлізінің бірінші учаскесінде ашылған жаңа төрт жолақты жол еліміздің транспорттық инфрақұрылымы үшін маңызды шаралардың бірі.

Фото: ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Талдықорған — Өскемен» автожолының қайта жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Ол «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы, Барнаулға қарай» халықаралық транзиттік дәлізінің бөлігі, ұзындығы 1210 шақырымды құрайды.

Бүгін Талдықорған қаласын Қызылағаш ауылымен байланыстыратын ұзындығы 38 шақырым құрайтын жаңа төрт жолақты жол ашылды. Оның 32 шақырымы бірінші техникалық санатқа жатады. Бұл транзиттік дәліз Орталық Азия мен Қытайды Ресейдің шығыс аймақтарымен және Қиыр Шығыспен байланыстырып, сауда-экономикалық қатынастарға жаңа мүмкіндіктерді ашады.

«Ұзындығы 768 шақырым болатын „Талдықорған — Өскемен“ автожолының қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, оның 314 шақырымы Жетісу облысы арқылы өтеді. Облыста жол жабынының төменгі қабатын төсеу жұмыстары аяқталып, үстіңгі қабатын қиыршық тас-мастикалық асфальтбетонмен төсеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 300 шақырым жол төселді, бұл жоспарланған көлемнің 96 пайызын құрайды», — деп жазды ҚазАвтоЖолдан.

Жоба жұмыстарына 5 асфальтбетон зауыты, 490 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 600-ден аса маман жұмылдырылған. 79 жасанды нысан салу жоспарлануда, оның ішінде 22 көпір, 54 малөтекел мен 3 транспорттық жол айрығы, сондай-ақ кәріз жүйесі үшін 323 суөткізгіш құбырлар.

Жол пайдаланушылардың қолайлы қозғалысы үшін 12 демалыс орын мен 10 заманауи санитарлық-гигиеналық торап салу жоспарланған, оның төртеуі қолданысқа берілді.

Жолдың қалған учаскелері кезең-кезеңмен жылдың соңына дейін аяқталып, жүк тасымалы мен жолаушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз ететін болады.