«Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету, жұмыспен қамту және инклюзивті қоғам құру біздің назарда. Келер жылдан бастап Алакөлге 6-18 жас аралығындағы мүгедек балаларға арналған 35 орындық сауықтыру жазғы лагері жұмыс істей бастады. Биыл Талдықорған қаласында «Қамқорлық» қорымен бірлесіп аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық және мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Асар» спорттық-оңалту кешені ашылды», - деді Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, кешенде 300 адамға, оның ішінде 54 балаға оңалту қызметі көрсетіліп жатыр.
«Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен және демеушілер көмегімен 14 инватакси сатып алынды. Инватакси саны 36-ға жетті. Сонымен қатар келесі жылы Талдықорғанда 150 орындық оңалту орталығын салуды жоспарлап отырмыз», - дейді ол.