Бүгінде Талдықорғандағы 19 көппәтерлі үй апатты жағдайда деп танылған. Осы үйлердегі 120 пәтерде адамдар тұрып жатыр. Аталған тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі күн тәртібінде тұр.
- Қазірге дейін адамдардың өміріне қауіп төндіретін 11 үйдің тұрғындарын баспанамен қамту мәселесі шешімін тапты. Екінші нарықтағы үйлерді сатып алуға конкурс жарияланып, 51 пәтер алуға қаржы бөлінген. Бұл мақсатқа 672 млн теңге қарастырылды. 24 пәтер сатып алынып, апатты үйлердің тұрғындарына берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, - дейді Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл.