Талдықорғанда дәрігер науқастарды мас күйде қабылдаған

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасында мас хәлде науқас қабылдаған дәрігердің бейнежазбасы тарады. Видео авторы ақ халаттыдан «массыз ба ?» деп бірнеше рет сұраған. Бірақ азамат жауап бермеген.

Фото: кадр видеодан алынды

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы балалар хирургының жұмыс орынында ішімдік ішкенін растады.

«Оқиға 30.05.24 күні кешкі уақытта болған. Қызметкердің алкогольдік масаң күйде екені анықталып, Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес дереу жұмыстан шеттетілді. Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыстан босатылды» - деді, Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетсек, бұдан бұрын ақмолалық полиция қызметкерінің мас күйінде рульге отырғаны жайлы жазып едік.