Ең маңыздысы, оқиға барысында адамдар зардап шекпеген. Алайда, құрастырмалы темір бірінші қабат тұрғындарының балконына зақым келтірді.
— Міне, қараңыздар, шатыр бесінші қабаттан құлаған. Менің балконымды бүлдірді. Жауын басталса үйімізді су басады, — дейді видеодағы пәтер тұрғыны.
Келешекте дәл осындай жағдайдың қайталану ықтималдығы жұртшылықтың үрейін тудырады. Сондықтан тұрғындар жауапты органдардың шатыр мәселесі бойынша дереу тексеріс жасап, қауіпті конструкцияларды алып тастауды талап етіп отыр.
Талдықорғанның тұрғын үй инспекциясы бөлімі әлеуметтік желілердегі жазбаны назарға алғанын мәлімдеді. Мекеме таратқан мәліметке сай, МИБ төрағасына тиісті шара қолдану жөнінде ескерту жасалды.
Сонымен қатар, бөлімше бұл мәселенің жіті бақылауға алынғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ТЖМ терек мамығы өрт қаупін күшейтетінін ескерткен еді.
Аяулым Қанатқызы