Айта кетейік екі күн бұрын 47 жастағы ер адамның із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабарлама тараған болатын. Онда түскі сағат 12:00-де жұмысынан шығып, 15 минутта үйде болатынын айтқаны туралы жазылған. Іздеудегі азамат кеше өз көлігінде өлі күйінде табылды.
"Ағымдағы жылдың 8 қазанында Талдықорған қаласының шетінде хабар-ошарсыз кеткен, облыс орталығы тұрғынының мәйіті өз көлігінде табылды. Қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Іс облыстық прокуратура мен полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - дейді Жетісу облысы ПД Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Темірханов Қасқар.
Еске сала кетейік бұған дейін Талдықорған қаласында 6 жасар қызды зорламақ болған ер адамның іздестіріліп жатқаны туралы жазғанбыз.