«Сабақ үлгерімі жақсы, мінезі тұйық, сыныптастарынан оқшауланып жүретін, мектепішілік есепке алынбаған. 21 мамыр күніне ҰБТ тапсыруға тіркелген. Әлеуметтік жағдайы орташа, көпбалалы отбасы, отбасындағы 4-ші бала. Сабаққа келмеген күндеріне денсаулығына байланысты анықтама әкелетінін ескерткен», — дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қыздың көпқабатты үйден құлау фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу басталған.
«Сотқа дейінгі тергеу деректері Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», — деді Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.