Талдыкөлде экопарк құру үшін 1 млрд теңге бөлінді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үлкен және кіші Талдыкөлге қосымша эко-урбандалу қағидаттарын пайдаланып, қалалық аумақты елорданың саябақ аймақтарымен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтандағы үлкен және кіші Талдыкөлде экопарк құрылады. Осы мақсатта 1 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда үлкен Талдыкөл бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, Кіші Талдыкөл су объектісіндегі су балансын сақтап және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде», - делінген хабарламада.