«Аталған тәсілдің тиімділігі жоғары екені іс жүзінде дәлелденді. Бұрын қалалықтар қажет кеңесті алу үшін мамандарды күзет полициясында күтіп отыратын. Енді оларды бірінші кезекте кеңес беруші маман күтіп алып, қажет құжаттарды толтыруға көмектеседі. Бұл үшін өтінішті дұрыс толтыру үлгілері қойылған. Егер кейбір өтініштер оның құзыретінде болмаса, нұсқаулықпен жоғарғы жаққа жеткізеді. Және біз арнайы күту залын жасақтауды да қарастырдық», - деп атап өтті аппарат жетекшісі Г.Шоқанова.
Өз кезегінде, қала тұрғындары жаңа жүйенің ыңғайлы екенін айтуда.
«Мен жер телімін алу үшін құжаттарымды өткізуге келдім. Әкімдік қызметкері бәрін мұқият түсіндірді және мен еш қиындықсыз құжаттарымды өткіздім. Халықтың жағдайын жасап жатқандары мені қуантады», - деді қала тұрғыны Ерсін Жұмағұлов.
Сол мезетте әкімдік мемлекеттің қызмет көрсетудің сапасын жақсарту барлық мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің алдына қойылған басты міндеттердің бірі екенін айтты.