Қала басшысы «Жастар» саябағындағы жұмыс барысымен танысты. Жыл басынан бері облыс орталығында құрылысшылардың жұмысты шапшаңдатуына мүмкіндік беретін ауа райы қолайлы болып тұр. Бірақ та анықталғанындай, жұмысшылар алға қойылған міндеттерді орындамаған және жүзеге асырылған нысандар сапасы сын көтермейді. Мәселен, Бағдат Қарасаев саябақ аумағына орнатылған жаңа отырғыштарды сынға алды. Әкім бірыңғай станадарттар жоқтығына назар аударумен қатар, ағаш конструкцияларды сырлаудағы кемшіліктерді де көрсетті. Құрылысшылар жаңа жылдың алдындағы жұмыс қарқынын қожыратып жіберген. Әкім «Спецтехномаш» ЖШС мердігерлік ұйымының бірқатар кемшіліктерін бетіне басып, оларды шұғыл түзетуді тапсырды.
Бұдан кейін қала әкімі қаланың оңтүстік-батыс тұрғын алабында салынып жатқан екі көппәтерлі үйлердің құрылысын тексерді. Құрылыс жұмыстары мәреге жақындап келе жатқанына қарамастан «Алтын шеге» ЖШС және «Гаку құрылыс» ЖШС нысанды тапсыру кестесінен арта келеді. Сонымен қатар Талдықорған әкімі құрылыс компаниялары тарапынан бірқатар кемшіліктерді атап көрсете келіп, апта ішінде барлық ескертулерді жоюға тапсырма берді.