«Біз үшін мерекеден тыс қалмай, оны сезінетіндей көңіл күйде болғанымыз маңызды. Біз әкімнің келуін күтпеген едік, қуанышымыз еселене түсті», - деп атап өтті фитнес-залдың басшысы Елдос Баялышбаев.
Кездесу барысында қала әкімі сондай-ақ бұған дейінгі келісушіліктердің іске асырылу барысы, мүгедек арбасы үшін арнайы көтергішті орнату және бұдан әрі дамудың басқа да мәселелері туралы баяндады.
Еске сала кетейік, таяуда қала әкімі кәсіпкерлердің қолдауымен аталған залда курстардан өтіп жатқан балалардан құралған КТК (көңілді тапқырлар командасы) үшін демеушілік көмекті ұсынды.