Жаңа құрылыс нысандарына ерекше мән беру керектігін ескерткен облыс басшысы көгалдандыруда ағаштардың, гүлзарлардың сәулетін де ескеру қажет екендігін айтты.
Амандық Баталов Астанаға барған сайын көшелерін суретке түсіріп мысал ретінде көрсететінін айтып, «мұндай даму үрдісі біздің қаламызды да айналып өтпеу керек» деп атап өтті.
Әкімдіктің кеңейтілген отырысында өңір басшысы жаңа ықшам аудандарда орта және шағын бизнестің дамуына жағдай туғызып, халыққа қызмет көрсету нысандарын ашу мәселесін де алға тартты.