Талдықорған қаласында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастар арасында дзюдо күресінен ел чемпионаты Талдықорған қаласында өтеді, - деп хабарлайды Дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның 14 облысынан ең үздік ас балуандар өзара мықтыны анықтау үшін Талдықорған қаласында бас қосады. 1998-1999 жылғы спортшылар арасында өтетін алдағы халықаралық турнирлерге іріктеу болып табылады.

Айта кетейік, жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты 4-8 наурыз аралығында Талдықорған қаласында өтеді.

Фото: fdk.kz