Талдықорған қаласының әкімі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесті
00:30, 14 Желтоқсан 2014
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні қарсаңында Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесті.
Кездесу дөңгелек үстел түрінде өтті, бұл жерде жиналғандар аталмыш оқиғаның тағдырларына тигізген әсерлерімен бөлісті. Кездесу барысында сондай-ақ Мемлекет басшысының сол кездегі жастардың көрсеткен ерлігін ақтаған сарабдал саясаты жайлы да айтылып өтті.
Сөз соңында қала басшысы Желтоқсан оқиғасының қатысушыларына алғыс хаттар мен Жетісу туралы жазылған фотоальбомдарды сыйға тартты.