Алматы облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 маусым күні кешке Талдықорған қаласының ішкі істер бөліміне 70 жастағы әйелден шағым түскен. Онда белгісіз біреудің зейнеткердің пәтеріне басып кіріп, зорлық-зомбылық көрсеткені жазылған.
«Жедел іздестіру шаралары барысында, қылмыс жасауға күдікті 46 жастағы жұмыссыз ер адам ұсталды. Ол алкогольді ішімдікке мас болғандықтан, ештеңе есімде жоқ деп ақталды», - деп хабарлайды облыстық ІІД.
Аталған фактілер бойынша Талдықорған полициясы ҚР ҚК 120-шы «Зорлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отырған күдіктіні зардап шеккен әйел жазбай таныды.