Биылғы сайыс Қазақстан Республикасы рәміздерінің 25 жылдығы және Жалайыр Шора атындағы құсбегілер мектебінің 30 жылдығы аясында өтіп отыр.
Додаға Қазақстанның әр аймағы мен Қытай және Моңғолия елінен 100-ден астам құсбегі қатысуда. Олар 70-ке жуық бүркіт, қаршыға, ителгі мен бидайық сынды құстарды баптап әкеліп отыр.
Сайыс екі кезеңде өтеді. Жарыстың алғашқы күнінде құсбегілер шырғаға салу, қоян аулау өнерімен сынға түсті.
Ал ақтық додада құсбегілер бүркіттерін түлкіге салып жарысады. Төрешілер бұл жолы қыран құс пен құсбегі арасындағы қарым-қатынасқа да назар аударуда.
Ақтық сайысқа 7 бүркітші шығып отыр. Қаршыға мен ителгінің өнері бөлек бағаланбақ.