Жол көлік оқиғасы 27-ші қазаннан 28-не қараған түні болған. Талдықорған маңындағы Қарабұлақ-Көксу тас жолының 21 шақырымында Volkswagen Passat және «КамАЗ» көлігі соқтығысқан. Жеңіл көліктің жүргізушісі және осы машинадағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактіні облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер растады. Қазір осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалған.