«Жыл қорытындысында Орталық Азия республикаларын Ресей Федерациясының Шығыс Сібірімен, сондай-ақ, Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлерін байланыстыратын халықаралық транзиттік дәліз Талдықорған-Өскемен учаскесін реконструкциялау бойынша негізгі жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Сондай-ақ, вице-министр Үшарал-Достық автожолы реконструкцияланып жатқанын айтты.
«Биыл қозғалыс ашуды, ал келесі жылы толықтай аяқтауды көздеп отырмыз. Аталған автожол Алакөл көлінің туристік кластерін дамыту үшін үлкен маңызға ие», - деді ол.