Мұндай заңсыздықты прокурорлар анықтады.
«Заңға сәйкес, жаңа туған баланың анасына дәріхана қорапшасы берілуі тиіс. Алайда, аталған мекеме 2023 жылы бұл талапты орындамаған. Прокуратураның араласуынан кейін 673 баланың анасы дәріхана қорапшасымен қамтылды»,- делінген Жетісу облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, мұндай олқылыққа жол берген жауапты мамандар тәртіптік жазаға тартылды.
12:17, 28 Шілде 2023
Талдықорған перзентханасында 700 нәрестеге тегін дәріхана қорабы берілмеген
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы перзентхана 700-ге жуық нәрестеге тегін берілуі тиіс дәріхана қорабын бермеген, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.