Талдықорған прокуроры өз ардагерлерін құттықтады

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Жеңіс күні қарсаңында Талдықорған қаласының прокуроры Бауыржан Сауғабаев Ұлы Отан соғысына қатысқан прокуратура органдарының ардагері Биахмет Сарымсақовты мерекесімен құттықтап, оған бағалы сыйлық табыс етті.

Ардагер 87 жаста, ол бүкіл өмірін прокуратура органдарындағы қызметке арнаған.

Сондай-ақ осы күні Бауыржан Сауғабаев прокуратура саласында қызмет еткен сегіз ардагердің үйіне барып, оларға сыйлық табыс етті.