«25 мамыр күні Талдықорған қаласы 100% карантинге жабылады деген ақпарат жалған. Бұл шындыққа жанаспайды»,- деп жазды өзінің Instagram парақшасында Нұр Қанатұлы.
Айта кетейік, соңғы 10 күннің ішінде Талдықорған қаласында коронавирус жұқтырғандардың саны 36 адамға жетті. Ең алғашқы жағдай 14 мамыр күні тіркелді. Ол кезде полицейдің аталған вирусты жұқтырып, оның 150-ден аса адаммен байланыста болғанын, оның 85-і өзінің әріптестері яғни тәртіп сақшылары екенін хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, Талдықорғанда полицейлер коронавирус жағдайына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейткенін жарияладық.