Талдықорған-Үштөбе жолындағы көлік апатынан екі адам қаза тапты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Талдықорған-Үштөбе жолының 14 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды.

«Шкода» көлігінің жүргізушісі көпірге шығар тұста рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған. Көлік өзенге құлап кет жаздаған. 

Алматы облыстық ІІД-нің хабарлауынша, апат салдарынан екі адам қаза тапты. Жүргізуші аман қалған.