Талдықорған: Жасөспірімдер көлік ұрлаумен айналысты деген күдікке ілінді
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 4 жасөспірім қаңтар айының басында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Жақын күндері оларды Шымкент қаласынан ұстады. Жасөспірімдердің бірі үйінен бұған дейін де кетіп қалатын болған, оны тіпті жасаған құқықбұзушылықтары бірнеше мәрте полицияға да апарған.
«Жасөспірімдерге іздеу салынғаны жөнінде хабар бүкіл Қазақстан бойынша таратылды. Сонымен қатар оларға халықаралық деңгейде де іздеу жарияланды. Ақыры олар Шымкент қаласынан табылды. Жасөспірімдерді Талдықорғанға жеткізген соң олардың қала аумағындағы бірнеше қылмысқа қатысы бар екендігі белгілі болды. Нақтырақ айтқанда оларға 2 көлікті айдап әкетіп, 3 көлікті тонаған деген күдік келтіріліп отыр»,-деп хабарлады полиция өкілдері.
Сондай-ақ баспасөз қызметі осы оқиғалар бойынша материалдардың сотқа дайындалып жатқандығын айтты.