Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкенің басты мақсаты еңбек ресурстарын дұрыс пайдаланып, халықты өз еркімен қоныстандыру арқылы жұмыссыздықты азайту. Сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді байланыстырып, азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту.
Бос орындар жәрмеңкесіне Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Павлодар, Семей қалаларынан 60 жұмыс беруші келді. Олар 1800 вакансия ұсынды. Шараға қалалар мен аудандардан келген жұмыссыз азаматтар, пробация қызметінде есепте тұрған жастар қатысты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша, 122 адам басқа өңірге баруға ниеттерін білдірді.