Қала аумағында 170 шақырымнан астам магистральді жылу жүйесі бар. Биыл соның 10 шақырымнан астамын ауыстыру жоспарланған. 10-15 күннің ішінде жұмыстар толық аяқталмақ.
Талдықорғанның жылу маусымына дайындығы қазіргі кезде 90 пайызды құрап отыр.
«Талдықорған жылу сервисі» КМК басшысы Манархан Ахымбековтың айтуынша, қажетті көмір қоры жасақталған. 15-қазанға дейін 45 мың тонна көмір болуы керек. Қазір оның жартысынан астамы келген. Ал жалпы, 9 қазандық үшін бір жылға 200 мың тоннадан астам көмір қажет. Оның барлығы бекітілген кестеге сай жеткізілмек.