Сондай ақ осы іске тікелей қатысы бар деген күдікпен қаладағы қонақ үйлердің бірінің және саунаның қызметкерлері қолға түсті. Қазір олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабына сәйкес іс қозғалды. Полицейлердің мәліметінше, шетелдік азаматшалар Қазақстанға қыркүйек айының соңына таман келген. Тәнін саудалауды мақсат еткен олар Қазақстаннан депортацияланатын болады. Қазір мәселенің анық-қанығы анықталғанша олар қамауға алынды.
Айта кету керек, облыстық ІІД-ның Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ұйымдастырған арнайы рейдке СПИД орталығының мамандары да қатысуда. Олар ұсталған жезөкшелердің анализдерін алып, арнайы тексерістен өткізуде.